Автокөліктерден ұрлық жасады деген күдік бойынша екі Талдықорған азаматы ұсталды

Автокөліктерден ұрлық жасады деген күдік бойынша екі Талдықорған азаматы ұсталды

15 Aug 2023, 14:53
1 mins read
999
Автокөліктерден ұрлық жасады деген күдік бойынша екі Талдықорған азаматы ұсталды
kolesa.ru

Шілде айының басында Талдықорған полициясына автокөлік иелерінен көліктерді ашып, ұрлық жасаған белгісіз адамдарға шара қолдануды талап еткен арыздар түсе бастады.

 

Ұрлық көбінесе сигнализация орнатылмаған көліктерде жасалған. Автокөлік салонында қалдырып кеткен ұялы телефондар, банк карталары, қолма-қол ақша және түрлі құрал-жабдықтар ұрланған. Полиция ұрлық жасады деген күдікпен 2003 және 2004 жылы туған екі жергілікті тұрғынды анықтап, ұстай алды.

 

«Күдіктілердің бірі банк картасын пайдалануды ұйғарып, полицияның назарына ілікті. Ұсталғандар көліктерден ұрлаудың бес эпизодына қатысы бар деп күдіктеледі. Тергеу ҚР ҚК-нің 188-бабына (Ұрлық) сәйкес жүргізілуде. Зардап шеккендерге келтірілген шығын шамамен жарты миллион теңгені құрайды», – деп хабарлады Талдықорған қаласының полициясы.

Subscribe or follow our news on social networks
Error in the text? Please let us know. Highlight the error and press Ctrl + Enter

Last News

Today